Ару Астана абаттана түседі. Бас қаланың болашағы қандай?

Бір кездері Алматыға арналып: «Алматым арман қалам, Көк жасыл орман қалам»,— деген ән шабыттана шырқалатын. Осы әсем ән тек Алматыға ғана лайық сияқты қабылданатын. Жарайды, ол ән ғой, ал шын мәнінде ол қалай орман қала болды. Оны кім орман жасады — Адам!


Иә, адамның аялы алақаны тисе жайнамайтын жер жоқ. Сол алақан енді ғана бас қала болып еңсесін көтере бастаған кешегі Ақмола бүгінгі Астанаға керек-ақ. Қала мәртебесі де соны қажетсінеді.
Олай болса іске сәт! Айтпақщы, сонда жөні осы екен деп көзге көрінген жерге шыбық қадай бермекпіз бе? Жоқ. Жан-жақты талалқа сай болу үшін арнайы көгалдандырудың жүйесі керек. Оны «Ақмолакоммунпроект» институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары, сәулет ғылымының кандидаты Нурбек АУЖАНОВПЕН әңгімелескенде білдік.
— Иә, әр жер, әр топырақтың өз ерекшелігі болады. Біреуі таяқ шаңшысаң тал шығатын құнарлы да, енді бірі тұзды сорға айналған көп қажырлылықты қажет ететін болып келеді. Міне, Ақмола жері осының соңғысына жатады. Сондықтан оны жүйелемесе болмайды.
Мәселен бұрынғы одақта топырағы құнарлылығынан Кубань алдына қара түсірмейтін 100 проценттік белгінін басында тұрса, осы деңгей бойынша алсақ Астананың жағдайы 23,3 баллды әрең көрсетеді екен. Сондықтан да өсімдіктің елеулі түрлерше ғана ырық беретін сияқты. Мұнда негізінен тал өседі. Оның ішінде дені сақалды қайың мен кәдімгі терек.
— Қалада қазір көкжелекті аймақ деп ауыз толтырып атауға тұратын жер бар ма? Жалпы түсінікті болса да көкжелеңнің қызметіне тағы бір мәрте тоқтала кетсек.
— Иә, 87 га алақапты алып жатқан Есілдің сол жағалауындағы мәдениет және демалыс саябағы қаладағы бүгінгі күнге ең ірі көкжелек алқап саналады. Одан кейінгі лекте 0,35 га жері бар Президент резиденциясы маңайындағы және Абылайхан мен Республика даңғылдары қиылысындағы 0,30 гектарлық, бақжолдары тұр. Соңғы екі жылда қаулаған құрылыстың салдарынан өкінішке орай 50 гектарға жуық жасыл алқап жойылып кетті. Міне осылардың бәрінің орны толтырылуы керек. Жалпы қаланың микроахуалын жасау үшін көкжелекті құрылыспен пара-пар. . . . . . . . . .
Ақмоланы бұрын желі зулаған жер ретінде біліп келсек, енді оны тежеудің қамын ойла-ғанымыз жөн. Таза ауа да керек, құрғақшылықтан қажыған жерге ылғал да артық болмас еді. Ал оның бәрі көктің арқасында келетіні белгілі.
Тағы оның радиациялық қысымды мейлінше ноқталайтынын біле береміз бе екен? Қарапайым ғана күн қызуын алайықшы, ашық аспан астында аңызақта аңқаң кеуіп кетпей ме? Ал жасыл желек міне осы күн қысымын 86 процентке дейін түсіре алады. Бұл колдан құрған көлеңкеден әлде-қайда тиімді.
Оның жел қорғаны ретіндегі қызметі өз алдына бөлек. Жекелеген немесе шағын ғана талдар шоғыры көлеңкелік қана қызмет атқара алады. Ал ауа тазалығы мен артық дыбыс бәсендігі үшін ені кемінде 60-70 метр болатын жасыл желек жалы керек. Міне ол осы кезде ғана желден де қорғалады . Осылайша жасыл желекті ірілендірудің нәтижесіңде жерді де сауықтырамыз. Өсімдік жердің жаны ғой.
Тағы бір шаруа, ол шаң, борандардан қорғайды. Ендеше шаң көтеріледі-ау деген жерлердің жасыл желекке орау керек. Міне, қысқы және жазғы борандарға қарсы жүргізілетін іс-шаралар бар. Оның бірі — қала сыртындағы аймақты қамтитын макролоқалдық болса, тағы бірі — мөлтек аудандарға арналған микролоқалдық шаралар. Оның бәрін тізіп айтпай-ақ қояйын. Айналдырып келгенде мәселе көкжелектендіруге келіп тіреледі.
— Жақсы, ойлағанымыз игілікті іс екен. Бізге керегі топырақтың құнарлылығы ғой. Сонда көгалдандыру бағдарламасы бойынша қандай қарекет көзделуде?
— Табиғи қолайсыз жағдайларға байланысты алдымен топырақты дайындап алу керек. Тіптен орманды жердің өзінде де тиімділік аз болғандықтан жаппай фос¬фор, азот, калий сияқты минералдық тыңайтқыштар төкпеске болмайды. Мұнда да кей жағдайда сақ болған жөн. Тамыр түбін хлорлы гипс байлап алмас үшін, оны қиыршық құммен нығыздау дұрыс.
Одан кейінгі жүйе су құю. Оның түбін бұзып алмас үшін жаңбырлатып себу керек. Бұлай себілген су ағаш бойындағы шаңды бір сыпырып өтсе, ауаны да тазартар еді.
— Ал енді бұрын да қаланы көгалдандырудың жобасы болған жоқ па еді?
— Иә, болған ғой. Мәселен Целиноград, одан кейін Ақмола қалаларына жасалған жоба негізінен назарды желектендіру үшін оңтүстік пен оңтүстік батыс жаққа қарай аударды. Өйткені жел осы жақтардан соғады. Содан соң көңілге қонымды жақ, саябақты Есіл өзенінің бойындағы саябақтың ауқымын ұлғайту мәселесі. Ол кейін қоғалдандырудың көптеген мүмкіндіктерін алға тарта алар еді. Саябақты сондықтан 400 гектарға дейін жеткізу ойда бар.
Мен мұны тегін айтып отырған жоқпын. Мәскеуде 80 жылдары Олимпиада ауылын жасағанда керемет көлемде тал-желек қиылған екен. Сол кейін бұрынғы алып одақтың бас қаласының оңтүстік батыс жағын жалаңаштап бара жатыр. Алысқа бармай-ақ кешегі астанамыз Алматыға келер болсақ, онда да көгалдандырудың дұрыс жүйесі жасалмаған. Бір жері бай бол¬са, бір жері көгалға кедей. Табиғаттың өзі берген су жолдарының бәрі үй, гараж, автотұрақтармен бекіп қал¬ған. Амал жоқ, бұл орайда айтулы жерлермен салыстыруға тұра келеді. Нью-Йорктың атақты «тас жунглий» аумағының 1/5 бөлігін көгал алып жатады. Спорт кешеңдерін былай қойғанда Манхеттенде 336 гектарлық орталық саябақтың өзін қалай айтпассың. Оның үстіне қаладағы 1338 саябақ пен саяжайды қосыңыз. Тағы да салыстыру, Алматыдағы атақты Горький паркінің аумағы небәрі 70-ақ гектар ғой. Аралдағы кішкентай ғана Сингапурде жер тапшылығына қарамастан қала басшылығы 88 гектар жерге зоопарк ұйымдастыруға қол жеткізіпті. Не десек о дейік, мұнда әңгіме ықылыста болып тұр. Бұл жерде архи¬тектор маман ретінде бір мысалды алып айтуға тиіспін. Минск қаласы бас жоспардың дұрыс болуы жөнінен бұрынғы КСРО одағындағы нағыз жасыл желекті қалалардың алдыңғы қатарына шықты. Осы факторды ескерсек бізге де қазір жағдайды жан-жақты ойластыру керек.
Астананың қазіргі табиғи климаттық жағдайы мынаны ойласуды қажет етеді. Кешеңді зерттеу жүргізу ке¬рек.
Сондықтан мұнда біріншіден жел қатты болғандықтан оңтүстік пен батыс айналасын көкжелекпен қайта қолдан жасау жөн. Бұл екіншіден серуен аймағына да айналар еді.
— Көк-көгімен, бұл шара Астана үшін нақты қандай қызмет атқарар еді?
— Біріншіден Астана ауасы тазарар еді. Бұрынғы жазық даланың шырайын шығарар еді. Қазір шынын айтсақ, Астананы желден қорғайтын шара жоқтың қасы. Әйтеуір оңтүстік пен оңтүстік батыстан орын тепкен бау-бақшалық серіктестіктер қоғамы болып отыр. Солтүстіктен Ақмола орман бірлестігі аз-маз қал¬қан болуда. Ендігі ой өндірістік аумақтан желек қалқанын жасау. Бұл орайда ТЭЦ-2 жағын ойға алып отырмыз. Қаланың күл төгетін аймағы да ауа тазалығына елеулі нұқсан келтірмек. Сондықтан бұл жерде де ойланбасқа бол¬майды.
Менің жүрегіме осы жер¬де Павлодар мемлекеттік университетінің докторы, профессор Т.Прозорованың өнертабысы жақын көрінеді. Ол күл төккен орын мен шөлейт топыраққа кейін қайың, терек басқа да өсімдік өсірудің мүмкіндіктерін қарастыруда екен. _ Екібастұздағы америкалық компания оның тәсілін дүние жүзіндегі өзі иелік ететін электр станцияларының бәрінде қолдануды көздеп отыр. Сонымен қатар, қаланы көгалдандырудың жаңа жоспарында қаланың солтүстік бөлігіндегі саяжайлық аймақты одан әрі дамыту ерекше орын алады.
Отырған жер ардақты бо¬латын болса, бұл жердегі мына ой жұртшылықтың көкейінен шығар деген пікірдеміз. Жаңа ғасырға аяқ басқан жаңа астананың айшықты келбеті бүгінде сіз бен біздің қолымызда болса керек. Ендеше, игі іске сәттілік тілейік.

А. Шәмшіұлы – Астана ақшамы – 24 шілде 1999 ж. (2 бет)

Предыдущая запись XXI ғасырдың бас қаласы. Ақмолаға баянды Бас жоба, қайталанбас сәулет қажет
Следующая запись Цель генерального плана

Ваш комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.